Спорт мамандарына арналған біліктілікті арттыру курсы басталды

Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігіне қарасты «Дене шынықтыру және спорт бойынша республикалық оқу-әдістемелік және талдау орталығының» ұйымдастыруымен Жамбыл облысы спорт мамандарына арналған біліктілікті арттыру курсы басталды. Аталған курсқа 100-ден астам маман қатысуда.

Бірінші күні Дене шынықтыру және спорт бойынша республикалық оқу-әдістемелік және талдау ортылығы директорының орынбасары Жұмажан Имаяқов әдіскерлердің лауазымдық міндеттері бойынша кіріспе дәріс оқып, жобалық тапсырмалар беруде. Біліктілікті арттыру курсы 27-сәуірде аяқталады.