Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы – ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында тік жолақ түрінде ұлттық өрнек нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес.Тудың ені мен ұзындығының арақатынасы – 1:2
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Туының көгілдір түсті монохромы бірлік идеясына адалдықты ғана емес, сонымен бірге әрқашан баршаға бейбітшілік, тыныштық пен гүлденудің символы болған бұлтсыз аспанды еске түсіреді.
Геральдика тілінде көк түс, оның реңктері адалдық, үміт сияқты адами қасиеттерге сәйкес келеді. Сәулесіне шомылған алтын күн бейбітшілік пен байлықты, ал дала қыраны жомарттық пен қырағылықты, қазақстандықтардың ой биігін бейнелейді.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туының авторы-суретші Шәкен Ниязбеков.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы – дөңгелек нысанды және көгілдір түс аясындағы шаңырақ (киіз үйдің жоғарғы күмбез тәрізді бөлігі) түрінде бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағында аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде – бес бұрышты көлемді жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «QAZAQSTAN» деген жазу бар.
Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі, сондай-ақ «QAZAQSTAN» деген жазу – алтын түстес.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасының негізінде шаңырақ жатыр. Ол Елтаңбаның жүрегіне айналды.
Бұл ошақ, әлемнің тұтастығы, мемлекет негізінің символы.
Қанатты тұлпар-өлместіктің бейнесі, Қазақстанда бір шаңырақ астында тұратын халықтардың шексіз дамуы мен рухани байлығы. Тұлпар-Егемен Қазақстан жүйесін сақтаудың символы. Қанатты тұлпар бұл ұшу, арман, әрқашан үміт артатын жас ұрпақ.
Бес бұрышты жұлдызша Елтаңбаны тәж етеді. Әр адамның өз, жетекші жұлдызы бар. Мұндай жұлдыз мемлекетте болуы керек.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасының авторлары сәулетшілер Шота Уәлиханов пен Жандарбек Мәлібеков болып табылады.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны
Сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев
Әнін жазған: Шәмші Қалдаяқов
Алтын күн аспаны,
Алтын дән даласы,
Ерліктің дастаны,
Еліме қарашы!
Ежелден ер деген,
Даңкымыз шықты ғой.
Намысын бермеген,
Қазағым мықты ғой!
Қайырмасы:
Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің - Қазақстаным!
Ұрпаққа жол ашқан,
Кең байтақ жерім бар.
Бірлігі жарасқан,
Тәуелсіз елім бар.
Қарсы алған уақытты,
Мәңгілік досындай.
Біздің ел бақытты,
Біздің ел осындай!
Қайырмасы:
Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің - Қазақстаным!