"Дене шынықтыру және спорт бойынша республикалық оқу-әдістемелік және талдау орталығы" РМҚК (бұдан әрі - Орталық)Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 17 шілдедегі № 547 қаулысына сәйкес құрылды. Орталық 2015 жылдың 7 қазанында Әділет органдарында ресми тіркеуден өтті.
Орталық қызметінің мақсаты:
- Дене шынықтыру және спорт саласында ғылыми-әдістемелік оқу жұмыстары
Негізгі міндеттері:
- Спорт саласындағы мамандардың біліктілігін арттыру
- Осы міндетті іске асыру үшін Орталыққа дене шынықтыру және спорт саласында әдістемелік нұсқаулықтар мен құралдарды, тақырыптық семинар-кеңестер, біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастыру және өткізу қызметі жүктелді.
- Курстар Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2017 жылғы 29 маусымдағы № 194 бұйрығымен бекітілген "Дене шынықтыру және спорт саласындағы кадрларды дайындау, қайта дайындау және біліктілікті арттыру" ережелеріне сәйкес өткізіледі.
- Талдамалық және әдістемелік қамтамасыз ету.
- Осы міндетті іске асыру үшін Орталыққа дене шынықтыру және спорт саласында әдістемелік нұсқаулықтар мен құралдарды, тақырыптық жинақтарды, конференция материалдарын дайындау, басып шығару және семинарларды өткізу, кешенді талдамалық топтарды қалыптастыру, жан-жақты талдау жүргізу үшін спортшыларды спорт түрлері бойынша жарыстарға дайындау және қатысу процесін сүйемелдеу қызметтері жүктелді.
- Салауатты өмір салтын насихаттау.
Осы мақсатта Орталыққа дене шынықтыру және спорт саласындағы көрмелер мен жәрмеңкелерді ұйымдастыру, дене шынықтыру мен спортты танымал етуге бағытталған жобаларды құру және ілгерілету қызметтері бекітілді.
Біздің сайтта сіз Орталықтың көрсетілген бағыттары, өткізілген және жоспарланған іс-шаралары бойынша және басқа да жұмыстарымен толығырақ таныса аласыз.