Қазақ спортшыларының қысқы Олимпиада ойындарындағы нәтижелері 1994-2022 ж.ж.

Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері барлығы 8 қысқы Олимпиада ойындарына қатысып, жалпы 8 медаль жеңіп алды. Жүлдеге ие болған жылдар: 1994, 1998, 2010, 2014, 2018. Осы жылдардағы ең жақсы көрсеткіш 1994 жылдың үлесінде. Лиллехамер (Норвегия) қаласына 29 спортшы барып, 1 алтын, 2 күміс иелендік. 1998 жылы Нагано (Жапония) қаласындағы Олимпиадаға 60 спортшы барып, тек екі медаль олжаладық. Үш Олимпиададан қоржынымыз бір-бір медальдан толығыпты. 2010 жыл Ванкувер, (Канада) 37 спортшы барған, 1 күміс, 2014 жыл Сочи, (Ресей) 51 спортшы барған, 1 қола, 2018 жыл Пхёнчхан, (Корея Республикасы) 44 спортшы барған, 1 қола.

Жүлдесіз қайтқан жылдарымыз: 2002 жыл Солт-Лейк-Сити (АҚШ) 52 спортшы, 2006 жыл Турин, (Италия) 43 спортшы, 2022 жыл Бейжің, (Қытай) 35 спортшы барып қоржынымыз бос қайтқан.

2018 жыл мен 2022 жылды салыстырсақ, 2018 жылы Олимпиадаға спорттың 8 түрінен, 50 жарыс бағдарламасымен, 44 спортшы барса, 2022 жылы 8 спорт түрінен, 42 жарыс бағдарламасымен 35 спортшы барды, спорт түрі де, жарыс бағдарламасы да, спортшылар саны да азайған екен, не себепті?

Бейжіңдегі Олимпиада жүлдесіне ең жақын шорт-трекші Абзал Әжғалиев болды, ол 500 метр қашықтықта төртінші орынды иеленді, сондай-ақ аралас эстафетадағы қазақстандық шорт-трек командасы (Абзал Әжғалиев, Денис Никиша, Ольга Тихонова, Яна Хан) бесінші орын алды. Болашақта Абзал Әжғалиев, Әділ Ғалиахметов, Нұртілек Қажығали, Денис Никишадан, фристайл-акробатикашы Жанбота Алдабергеновадан, конькишілеріміз Виталий Щиголев, Алина Дауранова және тағы басқа спортшыларымыздан зор үміт күтеміз.