Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Дене шынықтыру және спорт бойынша республикалық оқу-әдістемелік және талдау орталығы» РМҚК-ның бос лауазымына орналасуға конкурс жариялау
Конкурстың барлық қатысушыларына қойылатын жалпы біліктілік талаптары:
«Дене шынықтыру және спорт бойынша республикалық оқу-әдістемелік және талдау орталығы» РМҚК (бұдан әрі – Орталық) Бөлім басшысы, А3-1-1 категориясы (1 бос орын) бос лауазымға орналасуға конкурс жариялайды:
Функционалдық міндеттері: құрылымдық бөлімшенің жұмысына басшылық етеді және перспективалы жұмыс жоспарларын әзірлеуге тікелей қатысады, оның орындалуын қамтамасыз етеді;
құрылымдық бөлімше үшін кадрларды іріктеуге қатысады;
басшылыққа құрылымдық бөлімшенің жұмысы туралы есепті уақытылы әзірлеуді және ұсынуды ұйымдастырады;
құрылымдық бөлімше туралы ережеде айқындалған міндеттер мен функциялардың тиісті орындалуын бақылайды;
оқу-жаттығу жиындарын өткізуді үйлестіруді, штаттық ұлттық команда спортшыларының тізімін жасақтауды, спорттық-бұқаралық іс-шаралардың күнтізбесін әзірлеуді, спорттық нәтижелерді есепке алуды және талдауды жүзеге асырады;
спорт түрлері бойынша жарыстарды өткізудің ережелерін, регламенттерін, спорт түрлері бойынша кешенді нысаналы бағдарламаларды, спортшыларды даярлаудың жеке жоспарларын әзірлеуге қатысады;
спортшылар даярлығының қорытындысы және олардың жарыстарға қатысу нәтижелері туралы ақпарат жинауды жүзеге асырады;
спорт түрлері бойынша жаттықтырушылар кеңесінің жұмысын үйлестіреді;
спортшылар арасында және дене шынықтыру-спорт ұйымдарының ұжымдарында діни экстремизм мен терроризмнің таралуына жол бермеу жөнінде шаралар қабылдайды.
Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша педагогикалық ғылымдар кадрларын даярлау бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім;
дене шынықтыру-спорт ұйымдарында мамандығы бойынша кемінде 3 жыл жұмыс өтілінің болуы.
Аталған бос жұмыс орнына үміткер конкурс қатысушыларының барлығында келесі құзыреттердің болуы міндетті: жауапкершілік, коммуникативтілік, зейінділік, ұйымшылдық, сыбайлас жемқорлыққа төзімсіздік. Сондай-ақ кандидат өзінің фукнционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті білімдерге ие болуы тиіс.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғаларда келесі құжаттардың болуы тиіс:
1) қоса берілген құжаттар тізбесі көрсетілген, конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген);
4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес, білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
6) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
7) Азаматтық қызметке тұру кезінде, ол адам сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің бар не жоқ екендігі туралы анықтама.
Көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы, құжаттарды конкурс қатысушысына қайтару үшін негіз болып саналады.
|
Санат |
Қызмет көрсету ұзақтығына байланысты |
|
|
|
min |
max |
|
А 3-1-1 |
375354 |
455627 |
Конкурсқа қатысуға талаптанатын тұлғалар үшін құжаттарды қабылдау 2025 жылғы 31 желтоқсанды қоса есептегенде жүзеге асырылады. Құжаттар мына мекенжай бойынша қабылданады: Астана қ., Қабанбай батыр даңғылы, 45А, «Сарыарқа» Велотрегі, 3-қабат, 301 каб., индекс 010000, электрондық мекенжайы: rumac.astana@gmail.com, тел.8 (7172) 95-42-01.