Директордың бос лауазымына конкурс жарияланады

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Дене шынықтыру және спорт бойынша республикалық оқу-әдістемелік және талдау орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны директорының бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

  1. Орналасқан орнын, пошталық мекенжайын, телефонын көрсете отырып, кәсіпорынның атауы, оның негізгі қызметінің қысқаша сипаттамасы: «Дене шынықтыру және спорт бойынша республикалық оқу-әдістемелік және талдау орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны мына мекен-жайда орналасқан: Астана қаласы, Нұра ауданы, Қабанбай Батыр даңғылы, 45 А ғимараты, 010000 пошта индексі, 8(7172) 954-201. Кәсіпорынның қызметінің мәні: спорт саласындағы қызметті жүзеге асыру болып табылады. Кәсіпорын қызметінің мақсаты: дене шынықтыру және спорт саласында ғылыми-әдістемелік оқу жұмыстарын ұйымдастыру, қамтамасыз ету және жүргізу болып табылады.

  2. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: кадрларды даярлау бағыттарының бірі бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім: «Дене шынықтыру және спорт», «Бизнес, басқару және құқық» мамандықтары бойынша педагогикалық ғылымдар; дене шынықтыру және спорт саласында немесе басшылық лауазымдарда кемінде бес жыл немесе Президенттік жастар кадр резервіне қабылданған адамдар үшін кемінде бес жыл немесе дене шынықтыру және спорт саласында кемінде төрт жыл немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша оқуды аяқтаған адамдар үшін басшылық лауазымдарда жұмыс өтілі Қазақстан Республикасының Президентінде немесе шетелдік жоғары оқу орындарында жұмыс органы бекітетін басым мамандықтар бойынша және кадрлар даярлау бағыттарының бірі бойынша ғылыми дәрежесі бар адамдар үшін: «Дене шынықтыру және спорт», «Бизнес, басқару және құқық» мамандықтары бойынша педагогикалық ғылымдар.

      3. Лауазымдық міндеттері: 

    ұйымның өндірістік, әкімшілік-шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметіне басшылық жасайды; ұйымның саясатын, стратегиясын және оны іске асырудың тетіктерін айқындайды; ұйымның барлық құрылымдық бөлімшелердің олардың қызметін жетілдіруге бағытталған өзара тиімді іс-қимылы мен жұмысын ұйымдастырады; мүліктің сақталуын және тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді; дене шынықтыру және спорт саласында аналитикалық жұмыстарды жүргізуді ұйымдастырады; бұқаралық спортты басқару жүйесі мен ұйымдастыруды жетілдіру, жоғары білікті спортшыларды дайындау, спорт резервін іріктеу бойынша әдістерді, бағдарламалар мен ұсыныстарды әзірлеу бойынша ұйымдастыру жұмыстарын жүргізеді; дене шынықтыру және спорт саласындағы мамандардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау бойынша жұмыстарды ұйымдастырады; дене шынықтыру және спорт саласында семинарлар, конференциялар, көрме-жәрмеңкелер ұйымдастыруды қамтамасыз етеді; ұйым қызметкерлерінің біліктілігін арттыруды, дене шынықтыру және спорт саласында алғы шетел тәжірибесімен алмасу және зерттеуді ұйымдастырады; ұйымның бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры, әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры, өнім берушілер, тапсырыс берушілер мен банктерді қоса алғанда кредиторлар алдындағы міндеттемелерінің, сондай-ақ шаруашылық және еңбек шарттарының (келісімшарттардың) орындалуын қамтамасыз етеді; сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жұмыстарын ұйымдастырады, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын қабылдауда дербес жауапкершілікте болады; қызметкерлерді қабылдау, ауыстыру, көтермелеу және жұмыстан шығару туралы шешім қабылдайды, ұйымның құрылымын, штаттық кестесін, ұйым қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді; дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органға ұйымның ғылыми-әдістемелік қызметі бойынша есебін ұсынады; спортшылар арасында және дене шынықтыру-спорт ұйымдарының ұжымдарында діни экстремизм мен терроризмнің таралуына жол бермеу жөнінде шаралар қабылдайды.

      4. Білуі тиіс:

    Қазақстан Республикасының Конституциясы; Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі; Қазақстан Республикасы Еңбек кодексі; Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі; «Мемлекеттік құпиялар туралы», «Білім туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы», «Дене шынықтыру және спорт туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының заңдары; «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысы; дене шынықтыру және спорт саласындағы нормативтік құқықтық актілер; педагогика, психология және физиология негіздері; дене шынықтыру және спорт саласындағы отандық және шетелдік тәжірибе, заманауи ақпараттық технологиялар; еңбекті ұйымдастыру және басқару негіздері; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитария, өрт қауіпсіздігі бойынша талаптарын.

  3. Байқауға қатысуға үміткер тұлға байқау өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімдерде мынадай құжаттарды ұсынады: 1) үміткерлер еркін нысанда ресімделген қазақ және орыс тілдеріндегі түйіндемені қоса бере отырып, қосымшаға сәйкес нысан бойынша конкурсқа қатысу туралы өтінішті talapker.e-qazyna.kz веб-порталына береді. Тізілімнің веб-порталы конкурсқа қатысу туралы өтінішке «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелер мен дерекқорлардан конкурсқа қатысуға үміткер адамның жеке басын куәландыратын, білімі, зейнетақы аударымдары және еңбек қызметі туралы құжаттардың мәліметтерін автоматты түрде тіркейді. Тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйеде еңбек қызметі туралы мәліметтер болмаған жағдайда конкурсқа қатысуға үміткер тұлға Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабында көрсетілген еңбек қызметін растайтын құжаттардың бірін өтінішке тіркейді. Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау talapker.e-qazyna.kz. веб-порталында конкурс өткізу туралы жарияланған күннен кейін 7 (жеті) жұмыс күні өткен соң аяқталады.

  4. Конкурстың өткізілетін күні мен орны: Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 8, «Министрліктер үйі» ғимараты, 15-кіреберіс, онлайн форматында. Конкурс қатысушыларына әңгімелесу өткізу күні қосымша хабарланады. Толық ақпаратты +7 (7172) 74-05-66, 74-02-52 телефондары бойынша алуға болады.