
«Дене шынықтыру және спорт жөніндегі Республикалық оқу-әдістемелік және талдау орталығы» РМҚК директоры – Ержан Әнуарбекұлы Әбілқасымов.
Ержан Әнуарбекұлы 1978 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. «Семей» мемлекеттік университетін «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша бітірген. Дене шынықтыру және спорт магистрі, PhD докторы. Семей қаласының Шәкәрім атындағы университетінде 2001 жылдан бастап «Дене шынықтыру және спорт» кафедрасының аға оқытушысы, 2016 жылдан 2022 жылға дейін осы кафедраның қауымдастырылған профессорының міндетін атқарушы болып жұмыс істеді. 2022 жылдан бастап Абай облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысы қызметін атқарды.
ҚР БҒМ Ұлттық ғылыми-практикалық дене шынықтыру орталығының төс белгісімен, ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің Құрмет белгісімен марапатталған.
2025 жылғы 8 желтоқсаннан бастап Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Дене шынықтыру және спорт бойынша республикалық оқу-әдістемелік және талдау орталығы» РМҚК директоры қызметіне тағайындалды.