Дзюдо спорт түрінен жаттықтырушы-оқытушыларға арналған біліктілікті арттыру курсы басталды

Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігіне қарасты «Дене шынықтыру және спорт бойынша республикалық оқу-әдістемелік және талдау орталығының» ұйымдастыруымен Астана қаласында дзюдо спорт түрінен жаттықтырушы-оқытушыларға арналған біліктілікті арттыру курсы басталды. Курсқа 50-ден аса маман қатысуда.

Бүгінгі күнде «РОӘТО» РМҚК директорының орынбасары Ж.Имаяқов тыңдаушыларға «Спортшы дайындаудың физиологиялық негіздері» тақырыбында дәріс өткізді.

Дәріс соңында қатысушылар командаларға бөлініп, тапсырмалар берілді. Жұма күні командалар өз жобалық жұмыстарын қорғайтын болады.

Видео