Өзбек балуаны Ришод Собиров - бүтін Орталық Азияның ең үздік дзюдошысы. Дүние жүзінің 2 дүркін чемпионы, Олимпиада ойындарының қатарынан 3 мәрте қола медалисі. Көршілеріміз Олимпиада мен әлем чемпионаттарындағы медаль саны жағынан да бізден оқ бойы алда тұр. Біз бұл статистиканы қазақты мұқату немесе кемсіту үшін жариялаған жоқпыз. Аталарымыз «Ауруын жасырған өледі» дейді. Бұдан әрі шегінерге жер қалмай, жанымыз күйген соң жарыққа шығардық. Баяғыда бабаларымыз «Итің жаман дегенде өлгенім-ай» деуші еді. Биылғы әлем чемпионатына апарған 8 балуанның бесеуі бірінші белдесуде жығылып қалды. Кілең қазақ жігіттері... Сонда қалай, біздің бапкерлер жығатын балуан емес, жығылатын балуан баптайтын болған ба? Алда – Париж олимпиадасы. Көңіл күпті. Үміт...