Жүгі ауған қазақ дзюдосы

2022-2024 жылдардағы 3 әлем чемпионатында кезінде советтің қызыл көрпесін бірге жамылған төмендегі төрт мемлекеттен кейін қалып, ұятты болдық. Грузия - 5 алтын, 2 күміс, 5 қола Өзбекстан - 2 алтын, 1 күміс, 3 қола Әзербайжан - 2 алтын, 3 қола Монғолия - 1 алтын, 1 күміс, 2 қола Қазақстан - 1 қола (Елдос Смет). Осы 3 әлемдік чемпионатта грузин жігіттері 107 рет белдессе, қазақ балуандары небары 53 рет күресті. Өзбектердің белдесу саны – 80. Біздің спортшылардың көбі бірінші белдесуде жығылды. Енді төмендегі инфографикаға назар салыңыздар.

Қыдырбек Рысбек, инфографиканы жасаған Әсем Жүсіп.