Жекпе-жек түрлерінен курсының қорытындысы (24.05.-31.05.2021)

Жекпе-жек түрлерінен (белбеу күресі, самбо, джиу-джитсу, грепплинг, қазақ күресі) жаттықтырушы - ұстаздарға арналған республикалық біліктілікті арттыру курстары 2021 жылғы 24-31 мамыр аралығында қашықтықтан өткізілді.

Курстарда еліміздің 13 өңірі мен Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларынан 80 жаттықтырушы оқудан өтті.

Тыңдаушылардың басым бөлігі (ОР) БЖСМ (47), қалғандары – спорттық клубтар (6) және басқа да ұйымдардың жаттықтырушылары.

Өңірлер бөлісінде курсқа қатысқандар саны бойынша Қарағанды облысы көш бастады (14), одан кейін Нұр-Сұлтан қаласы (12), Павлодар облысы (10).

Теориялық сабақтарды өткізгендер: Ж.М. Андасова – педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент; Г.Б. Жұмабаева – ҚР Допингке қарсы ұлттық орталықтың білім бағдарламалар бойынша маманы. Г.Ж. Омарова – Қ. Мұңайтпасов ат. ОРРММИК заңгері; С.В. Лаверженцев – спорттық уқалаушы (массажист), тейпирлеу бойынша маман. М.Е. Өмірзақов – Спорттық медицина және оңалту орталығының маманы; Б.М. Құсайынов – спорттық медицинаның резидент-дәрігері; Д.У. Асылбекова – «РОӘТО» РМҚК бөлім басшысы. А.К. Оспанов - джиу-джитсудан аға жаттықтырушы.