Жеңіл атлетика

10-12 ақпанда Астанада жабық ғимаратта жеңіл атлетикадан 10-шы Азия чемпионаты өтті. Жеңіл атлетикадан жабық ғимараттағы Азия чемпионаты ТМД елдерінің аумағында алғаш рет өткізіліп отыр. Оған 31 елден 500-ден астам спортшы қатысып жүгіру, эстафета, ұзындыққа секіру, биіктікке секіру, үш рет қарғып және сырықпен секіру, ядро лақтыру, көпсайыстан 26 медаль жиынтығы сарапқа салынды. Қазақстанның намысын 69 спортшы қорғады.

Жалпы командалық есепте Жапония құрамасы 15 медальмен (6 алтын, 5 күміс, 4 қола) көш бастады. Қазақстан құрамасы 12 медальмен (6 алтын, 3 күміс, 3 қола) екінші орынды иеленсе, үшінші орынға Катар командасы 8 медальмен тұрақтады. (2 алтын, 4 күміс, 2 қола).

Каролин Кипкируи – 3000 метрде, Элина Михина – 400 метрде чемпион атанды.

Каролин Кипкируи

Элина Михина

Ерлер эстафетасында 4х400 метрде:

Михаил Литвин, Вячеслав Земс, Эльнор Мухитдинов, Андрей Соколов

Михаил Литвин

Михаил Литвин, Вячеслав Земс, Эльнор Мухитдинов, Андрей Соколов

Ал әйелдер эстафетасында 4х400 метрде:

Элина Михина, Аделина Земс, Александра Залюбовская, Кристина Кондрашова

Элина Михина, Аделина Земс, Александра Залюбовская, Кристина Кондрашова

60 метрге кедергілермен жүгіру - Давид Ефремов және биіктікке секіруден – Надежда Дубовицкая чемпион болды.

Давид Ефремов

Надежда Дубовицкая

Күміс медальдарды Михаил Литвин - 400 метрге жүгіру, Ольга Сафронова - 60 метрге жүгіру, биіктікке секіру сайысында Кристина Овчинникова жеңіп алды.

Михаил Литвин

Ольга Сафронова

Кристина Овчинникова

Қола жүлдегер атанғандар - Ақбаян Нұрмамед-1500 метрге жүгіру, Шэдрак Кимутай-3000 метрге жүгіру және Элизабет Матвеева-биіктікке секіру.

Ақбаян Нұрмамед

Шэдрак Кимутай

Элизабет Матвеева