Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігіне қарасты «Дене шынықтыру және спорт бойынша республикалық оқу-әдістемелік және талдау орталығының» ұйымдастыруымен Жамбыл облысы спорт мамандарына арналған біліктілікті арттыру курсы басталды. Аталған курсқа 100-ден астам маман қатысуда.
Бірінші күні Дене шынықтыру және спорт бойынша республикалық оқу-әдістемелік және талдау ортылығы директорының орынбасары Жұмажан Имаяқов бапкерлерге жаттығу физиологиясы және спорттық теория мен әдістемелер бойынша кіріспе дәріс оқып, жобалық тапсырмалар беруде.
Біліктілікті арттыру курсы 27-сәуірде аяқталады.