Париж олимпиадасында велоспорттан ел намысын Алексей Луценко мен Евгений Федоров қорғайды.
А. Луценко екінші Олимпиадасына қатыспақ. Токиоға қатысып, топтық жарыста 21-орын, жекелей сайыста 32-орынға тұрақтаған. Ол Ханчжоуда өткен Азия ойындарында алтын және күміс медальға ие болған.
Е. Федоров Ханчжоуда өткен Азия ойындарының жеңімпазы. Парижде спортшыларымыздың бағы мен бабы қатар шауып, Олимпиада медалін алуына тілектеспіз!
Велоспорттан бұған дейін қазақстандықтардың Олимпиада ойындарындағы үздік нәтижесі:
Сидней - 2000
Топтық жарыс Александр Винокуров - Күміс медаль
Лондон - 2012
Топтық жарыс, Александр Винокуров - Алтын медаль
Алексей мен Евгенийдің Олимпиададағы басты қарсыластары: Токио олимпиадасының күміс жүлдегері Ванарт Ваут (Бельгия), 2 дүркін әлем чемпионы Эвенпул Ремко (Бельгия), 2019 жылғы әлем чемпионы Педерсен Мадс (Дания), 6 дүркін әлем чемпионы Ван Дер Пул Матье (Нидерланд), сондай-ақ, Брендон Макнолти (АҚШ), Жуан Алмейда (Португалия), Джонатан Нарваес (Эквадор) т.б.