Сыбайлас жемқорлық – қоғамдағы ең қауіпті әлеуметтік құбылыстардың бірі. Кез келген дамыған қоғамда жемқорлыққа қарсы күрес жүргізу бірден-бір күрделі және маңызды мәселе. Осы орайда 2024 жылғы 22 қараша күні «Дене шынықтыру және спорт бойынша республикалық оқу-әдістемелік және талдау орталығы» РМҚК директорының төрағалығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша жиын өтті. Жиынға мекеменің барлық қызметкерлері қатысты.
Жиынды орталықтың директоры Қыдырбек Рысбек ашып, қызметкерлердің өздеріне жүктелген қызметтерін заңдылықққа сәйкес атқару қажеттігін, қызмет барысында тәртіп пен заңдылықты қатаң сақтауды, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға енгізілген өзгешеліктерге тоқталып, басшылар бағынышты қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлық қылмысын жасатпауға, оның алдын алуға міндетті екендігін жеткізді.
Сонымен қоса орталықтың директорының орынбасары Нұрболат Бексұлтанов сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің алдын алудың маңыздылығы туралы баяндама жасады.