«Спорттық медицинаның негізгі аспектілері» тақырыбында өткен республикалық семинар-кеңес бойынша ЕСЕП

2021 жылғы 18 маусымда «Дене шынықтыру және спорт бойынша республикалық оқу-әдістемелік және талдау орталығы» РМҚК «Спорттық медицина және оңалту орталығы» РМҚК бірлесіп спорт саласының мамандары үшін қашықтық форматта «Спорттық медицинаның негізгі аспектілері» тақырыбында республикалық семинар-кеңес өткізді.

Семинар мақсаты – қатысушыларға спорттық медицинаның негізгі аспектілері бойынша жалпы ақпарат беру.

Аталмыш шара 2021 жылға арналған республикалық семинар-кеңес өткізу кестесі шеңберінде өткізілді.

Семинарға спорт саласының 53-тен аса маманы қатысты. Іс-шара спикерлері «СМОО» мамандары болды және тақырыпты толық ашып берді.

Аталған шарада: «СМОО» РМҚК директоры – Нарбекова Гүлнар Айдарханқызы, Спорттық медицина бөлімінің меңгерушісі – Үсенова Ботагөз Назарқызы, Спорттық физиолог – Өмірзақов Мұрат Еділұлы, зертханалық диагностика маманы – Шәкіров Әділет Елданаұлы, спорттық медицина дәрігері – Жиенғазина Әсия Нұржанқызы, емдеу-алдын-алу бөлімі директорының орынбасары – Сембаева Римма Ақболатқызы, қалпына келтіру емі бөлімінің меңгерушісі – Жекеева Әйгерім Бауыржанқызы, жоғары санатты дәрігер- отоларинголог – Алдабергенова Алма Хайруллақызы, спорттық медицина дәрігері – Күлібекова Майя Ринатқызы, спорттық медицина бөлімінің медбикесі – Қожагелді Меруерт Бауыржанқызы қатысты.

Іс - шара аясында Ұлттық антидопинг орталығынан 2 әдістемелік кітап ойнатылып,

1. Татьяна Насонова 2. Әсия Жиенғазина жеңімпаз атанды.