Спорттық гимнастикадан тұңғыш Олимпиада жүлдегері

Нариман Құрбанов спорттық гимнастикадан Париж олимпиадасының күміс медалін олжалады. Бұл спорттық гимнастикадан тәуелсіз Қазақстан спортшылары жеңіп алған бірінші жүлде.

Н. Құрбанов тұтқалы ат жаттығуында 15.533 ұпаймен Олимпиаданың күміс тұғырына табан тіреді. Бас жүлде ирландиялық Кленахан Риске бұйырды.

Парижде Нариманмен бірге Милад Карими бақ сынады. Ол көпсайыста және еркін жаттығуда өнер көрсетті. Еркін жаттығудың финалында 14.500 ұпаймен 5-орынға тұрақтады. Көпсайыстағы нәтижесі - 24-орын.
Бұған дейін спорттық гимнастикадан қазақстандықтар үш Олимпиадаға қатысты.
2021 жылы Токио олимпиадасында Милад Карими көпсайыста - 15-орында қалды (еркін жаттығуда - 5-орын, шығыршықта - 49-орын, турник - 8-орын). 2000 жылы Сиднейде Сергей Федорченко қол тіреп секіруде 5-орынға ие болды.
2004 жылы Афина олимпиадасында Ернар Ерімбетов көпсайыста 14- орынды қанағат тұтты.