«Спорттағы заманауи технологиялар мен ғылыми жетістіктер» тақырыбында Республикалық семинар-кеңестің ЕСЕБІ

17 мамыр 2021 жылы спорт мамандарына арналған «Спорттағы заманауи технологиялар мен ғылыми жетістіктер» тақырыбында Республикалық семинар-кеңес қашықтықтан өтті.

Семинардың мақсаты - қатысушыларды спортта қолданылатын соңғы технологиялар туралы ақпаратпен таныстыру, спорттық тамақтану және оның ерекшеліктері туралы айту.

Семинар-кеңес 2021 жылға арналған республикалық семинар-кеңестер өткізу Кестесі сәйкес өткізілді.

Семинарға қатысу үшін SG Plus, Herbalife және Sport World өкілдері шақырылды.

Семинарға: Савенко Арсений - «SG plus» компаниясының өкілі, Влад Миранович - «Дельта» клубының фитнес жаттықтырушысы, Шаймерденова Алия Жасулановна - спорттық медицина дәрігері қатысты.

Семинардың ашылуында РМҚК «РУМАЦ» директорының міндетін атқарушы - Бексұлтанов Нұрболат Досмұхамбетұлы қазіргі уақытта заманауи технологияларды қолдану спортшылардың тиімділігін арттыратының, сонымен қатар жаттығу процесін талдауға қабілеті бар екенін атап өтті.

Семинарда 45 тыңдаушыға сертификат берілді.