Спорт әдіскерлеріне арналған біліктілікті арттыру курсы өз мәресіне жетті.

Дене шынықтыру жане спорт бойынша оқу-әдістемелік және талдау орталығы ұйымдастырған спорт әдіскерлеріне арналған біліктілікті арттыру курсы өз мәресіне жетті. 13.03-17.03 аралығында Шымкент каласында өткен курсқа Алматы, Астана, Шымкент қалалары мен 15 облыстан 200-ден астам спорт маманы қатысты. Дәрістік және жобалық сабақтарды білікті маман Ж.Ш.Имаяқов өткізді. Курс барысында бөлінген 21 топ өз жобалық жұмыстарын сәтті қорғап, куәліктерін алды.

Осы курсқа ат салысып, жоғары деңгейде өтуіне көмектескен Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Бекзат Саттарханов атындағы олимпиада резервінің мамандандырылған мектеп - интернат - колледжіне" үлкен алғысымызды білдіреміз!