10-14 ақпан аралығында Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігіне қарасты «Дене шынықтыру және спорт бойынша республикалық оқу-әдістемелік және талдау орталығының» ұйымдастыруымен Петропавл қаласында өткізілетін Солтүстік Қазақстан облысының спорт әдіскерлері мен жаттықтырушы-оқытушыларына арналған біліктілікті арттыру курсы басталды. Қазіргі уақытта курсқа 140 спорт маманы қатысуда.
Курстың бірінші күнінде «РОӘТО» РМҚК директорының орынбасары Имаяқов Жұмажан Шалабайұлы тыңдаушыларға «Спортшыларды даярлаудың физиологиялық негіздері мен қағидалары. Әдіскердің спортшыларды дайындаудағы рөлі» тақырыбында дәріс оқыды. Сондай-ақ, спорттық жетілдіру және жоғары спорт шеберлігі топтарының спортшыларына семинар өткізді.
Дәріскер А.Мыхыбаев курсқа қатысушыларға "Педагогикалық бақылау" тақырыбында теориялық және практикалық сабақтарын өткізді.