СҚО ОРММИК

«РОӘТО» РМҚК Солтүстік Қазақстан облысының облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің қызметіне сараптама жасады.

СҚО ОРММИК - те мониторинг анықтағандай 13 спорт түрлерінен 335 спортшы білім алады және 33 бапкер жұмыс істейді. 2022 жылдың қорытындысы бойынша 48 СШҮ, 4 СШ, 1 ХДСШ дайындалған.

2019 жылы «Спорт бойынша жаттықтырушы-оқытушы» біліктілігін қамтитын «Дене шынықтыру және спорт» мамандығын дайындайтын колледж ашылды.

ОРММИК материалдық-техникалық базамен қамтамасыз етілген, 2023 жылы 250 орындық жатақхананы пайдалануға беру жоспарланған.

Еркін күрес, бокс, дзюдо, велоспорт, таеквондо спорт түрлері бойынша ҚР чемпионаттарында 2020-2021 жылдары нәтиже төмен болды.

2021 жылы ұлттық құраманың құрамына спорттың 4 түрі бойынша 10 тәрбиеленуші кірді, бұл спортпен шұғылданушылардың жалпы санының 3%-ын ғана құрайды.

2016-2021 жылдар аралығында 11 сынып түлектерінің жалпы санынан (221 адам), 9 түлек дене шынықтыру және спорт мамандығы бойынша грант негізінде білім алды, оның 1-і мамандығы бойынша жұмысқа орналастырылды.

Спортшылар нәтижелері төмендігінің себебі оқу-жаттығу процестерін жоспарлаудағы әдістемелік қателіктер, сондай-ақ мекемеден қаржыны ұтымсыз бөлуге байланысты.

Осылайша, ҚР Дене шынықтыру және спортты дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы бапкер-оқытушылар құрамының, әдіскерлердің, спорт дәрігерлерінің кәсіби деңгейіне, оның ішінде бейінді білім беру бойынша біліктілікті арттыру курстарынан уақтылы өтуіне назар аударуы қажет.

Сондай-ақ, ОРММИК-ке дене шынықтыру және спорт саласын кадрлық қамтамасыз ету мақсатында орта мектеп түлектерінің жұмысқа орналасуына мониторинг жүргізу ұсынылды.