Қазан айының 7-11 күндері аралығында Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігіне қарасты «Дене шынықтыру және спорт бойынша республикалық оқу-әдістемелік және талдау орталығының» ұйымдастыруымен Өскемен қаласында спорттық әдіскер мамандарға арналған біліктілікті арттыру курсы өтті. Шараға 160-тан астам маман жиналып, бес күн бойы дәріс тыңдады.
Оқытушылар құрамының жетекшісі «РОӘТО» РМҚК директорының орынбасары Имаяқов Жұмажан Шалабайұлы оқу-жаттығу процессін методикалық қамтамасыз ету және басқа да тақырыптарда дәріс оқыса, «РОӘТО» РМҚК-нің аймақтардағы дене шынықтыру мен спорттың дамуын талдау бөлімінің басшысы Мыхыбаев Абзал Түнғатарұлы «Педагогикалық бақылау» тақырыбында дәріс жүргізді.
Курс қорытындысына орай қатысушылар тест тапсырып, 136 маманға дәрісті жақсы игерді деген куәліктер тапсырылды.