Шымкент қаласында Мәдениет және спорт министрлігінің ұйытқы болуымен басталған спорт әдіскерлеріне арналған курс жалғасуда.
Екінші күні әдіскерлердің құқықтық мәртебесі мен жалпы ережелері туралы дәрістерді А. М. Бәкірова мен Ж. Ш. Имаяқов өткізуде. Сонымен қатар, топтастырылған тәжірибелік сабақтар жүріп жатыр. Курсқа 200-ден астам әдіскер қатысуда.