Самат Ерғалиев ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды

ҚР Мәдениет және спорт министрінің бұйрығымен Самат Серікханұлы Ерғалиев Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды.

Самат Серікханұлы Ерғалиев 1979 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Д. Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясын, Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген.

Еңбек жолын 2004 жылы жеке компанияда жабдықтау жөніндегі менеджер лауазымынан бастады. 2012-2018 жылдары «Ұлттық штаттық командалар және спорт резерві дирекциясы» РМҚК түрлі лауазымдарда қызмет атқарды. 2018-2020 жылдары — «Спортты дамыту дирекциясы» РМҚК директоры. 2020 жылдың сәуір-қарашасы аралығында – «Нұр-Сұлтан қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ басшысының міндетін уақытша атқарушы; міндетін атқарушы. 2020 жылдың қарашасынан бастап қазіргі уақытқа дейін «Нұр-Сұлтан қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ басшысы болды.