Ағымдағы жылдың 29 қазанында ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Дене шынықтыру және спорт бойынша республикалық оқу-әдістемелік және талдау орталығы» РМҚК (бұдан әрі – Орталық) жаңа директор тағайындалды. Бұл лауазымға Донбаев Әбіл Бекетұлы келді. Орталық ұжымына оны ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары Байжанов Бекболат Құстүтінұлы таныстырды.
Оңтүстік Қазақстан облысының тумасы Әбіл Бекетұлы 42 жаста. Еңбек жолын ол 1995 ж. Алматы қ. Қ. Мұңайтпасов атындағы Олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінде жаттықтырушы-оқытушы болып бастады. Көп жылдар бойы Әбіл Донбаев мемлекеттік органдарда басшылық лауазымдарда қызмет етті. Орталыққа келмес бұрын ол Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Павлодар облысы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментін басқарды.