2021 жылы жаттықтырушылардың саны мен сапасына, студенттер контингентіне, Ұлттық құрама командаларға енгізілген спортшылар санына, оқушылардың спорттық нәтижелеріне, сондай-ақ спорттық жарыстар мен оқу-жаттығу жиындарында спортшыларға, жаттықтырушыларға жұмсалған қаражаттарына талдау жасалды.
Мекемеде 12 спорт түрінен 293 оқушы дайындалады.
ОРММИК-де 24 жаттықтырушы бар, оның 18-і жоғары білімді, 6-ы екінші санатты, 3-і бірінші санатты, 6-ы жоғары санатты. CШ-5, ҚРЕСЖ-2.
2019 жылдан бастап ұлттық құрамаларға енгізген спортшылар санының азаюы байқалды.
Төменде соңғы бірнеше жылдағы 10, 11 сынып оқушылары мен колледж студенттерінің спорттағы нәтижелері туралы деректер берілген.
Дзюдо бөліміндегі 1 спортшыға жарыстар мен оқу-жаттығу жиындарына қатысу үшін жылына орта есеппен 190 мың теңге, ал еркін күрес бөліміндегі 1 спортшыға орта есеппен 120 мың теңгеден кетеді екен. Баскетбол бөлімін алсақ, 1 спортшыға жылына орта есеппен 80 мың теңгенің мөлшерінде ғана. Көрсетілген талдау қаржыландырудың тиімсіз әрі жеткіліксіз екеніне дәлел.