«Дене шынықтыру және спорт бойынша республикалық оқу-әдістемелік және талдау орталығы» РМҚК-ның мониторингтік тобымен Ақмола облысының «Бөгенбай батыр атындағы олимпиадалық резервтің мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» КММ-нің қызметіне талдау жасалды.
Спорт түрлері: Бокс, дзюдо, ауыр атлетика, еркін, грек-рим күресі, жүзу.
Бапкерлер саны: 17.
Спортшылар саны: 198, оның ішінде: 55 СШҮ, 2 СШ.
- Қазақстан құрамасына енген спортшылар саны жылдан жылға төмендеген (2019 ж. – 215 оқушының 21-і (9,7%); 2020 ж. – 196 оқушының 9-ы (4,5%); 2021 ж. – 198 оқушының 4-і (2,02%));
- 2020-2022 ж.ж. Қазақстан Республикасының чемпионаттарындағы 10, 11 сынып оқушылары мен студенттердің нәтижелері өте төмен (10 сыныптағы 33 оқушының 31-і нәтижесіз (93,94%), 11 сыныптағы 25 оқушының 23-інде нәтиже жоқ (92%).
- 2019-2021 ж.ж. бокс, грек-рим күресі және жүзуден ҚРЧ-да нәтижелері жоқ (соңғы үш жылда дайындыққа кеткен қаражат: бокс – 6 835 672 т., грек-рим күресі – 7 244 794 т., жүзу – 1 914 979 т.).
Аталған кемшіліктерге байланысты келесілер ұсынылады:
- нәтижесі төмен спорт бөлімдерін жабу немесе басқа мекемелерге ауыстыру;
- интернатқа ережеге сай, спорттық дәрежесі бар спортшыларды қабылдау;
- бапкерлердің біліктілік дәрежесіне мән беріп, оларды интернат-колледжге толық ставкаға жұмысқа қабылдау;
- спорт түрлері бойынша іс-шараларға бөлінетін қаражатты дұрыс (тиімді) жоспарлау;
- оқушылардың ҚРЧ нәтижелеріне және олардың ҚР құрама командаларына енуіне жете мән беріп, спорттық дайындық деңгейін жақсарту бойынша жұмыстарды жетілдіру.