Республикалық Оқу-әдістемелік және талдау орталығы Президент Жолдауын қолдайды

Бүгін, 2022 жылғы 16 наурызда, ҚР Президенті Қ. Тоқаев Қазақстан халқына кезекті Жолдауын арнады.

Мемлекет басшысының «Құрметті отандастар, бүгінгі Жолдаудың мәні ерекше. Ол бір жылмен шектелмейді. Біз алдымызға биік мақсаттар қоямыз» деп бастаған үндеуін ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Дене шынықтыру және спорт бойынша оқу-әдістемелік және талдау орталығының ұжымы аса ықыласпен тыңдады.

«Маған елімнің амандығы мен жерімнің тұтастығынан асқан ешбір құндылық жоқ. Мені ең алдымен халқымның болашағы қалай болатыны толғандырады», деген Президент жаңа Қазақстан құру үшін жаңа серпіліс қажет екендігін алға тартты. Осы мақсатта Қ. Тоқаев бірқатар саяси реформалар мен әлеуметтік-экономикалық бағдарламалар ұсынды.

Әсіресе Орталық қызметкерлері Президентіміздің Абай, Ұлытау, Жетісу облыстарын құру және Алматы облысының орталығы болатын Қапшағай қаласына мемлекетіміздің белгілі қайраткері Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың атын беру шешімін қуанышпен қабылдады!

Осындай игі бастамаларды Орталық директоры Қ.Рысбек бастаған ұжым өзара талқылап, Қазақстанның жаңғыруы мен жарқын болашағы үшін атқарылатын іс-шараларға қолдау білдірді.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың алға қойған мақсаттарына сәттілік тілей отырып, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын дейміз!