Президенттік тест, көпсайыс және спорттық бағдарлаудан курсының қорытындысы (21-28.07.2021)

Президенттік тест, көпсайыс және спорттық бағдарлаудан жаттықтырушы - оқытушыларға арналған республикалық біліктілікті арттыру курстары 2021 жылғы 21 - 28 шілде аралығында қашықтықтан өткізілді. Курстарда еліміздің 11 аймағы мен Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларынан 53 жаттықтырушы, соның ішінде 1 тыңдаушы – ҚР Дене шынықтыру және спорт істері комитетінің ведомстволық бағынысты ұйымының өкілі.

Тыңдаушылардың басым бөлігі басқа ұйымдардың жаттықтырушылары (25), қалғандары – (ОР) БЖСМ (25), спорттық клубтар (3) және Спорт түрлері федерациясының (2) жаттықтырушылары.

Өңірлер бөлісінде курсқа қатысқандар саны бойынша Қарағанды (11), СҚО (6) облыстары және Алматы қаласы (6) көш бастады.

Теориялық сабақтарды өткізгендер: Ж.М. Андасова – педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент; С.В. Лаверженцев – спорттық уқалаушы (массажист), тейпирлеу бойынша маман. М.Е. Өмірзақов – Спорттық медицина және оңалту орталығының маманы; Д.У. Асылбекова – «РОӘТО» РМҚК бөлім басшысы. Б.М. Құсайынов – спорттық медицинаның резидент-дәрігері; Г.С. Тұрғанбаева – ҚР Спорттық медицина және оңалту орталығы Клиникалық-биохимиялық зертхана бөлімінің меңгерушісі; Р.Е. Нурманов - Спорттық бағдарлаудан ҚР ұлттық спорт төрешісі.