Орталықтандырылған спорттық база керек

Ағымдағы жылдан бастап дене шынықтыру және спорт бойынша Республикалық оқу-әдістемелік және талдау орталығының ұйымдастыруымен орталықтандырылған спорттық база құру жоспарлануда. Қазіргі таңда аудандық спорт бөлімдерінен ауылдық елді мекендердің спорт нұсқаушыларының ақпараттары жинақталып жатыр. Алдағы уақытта бұл спорттық база Қазақстандағы спорттық мекемелер санын, спорт түрлерін, ауыл спорт нұсқаушыларын, спортшылар және олардың жетістіктерін қамтитын болады. Бұл өз кезегінде, аймақтар бойынша спортты дамытуға, оларға әдістемелік көмек көрсетуге, жұмысты тиімді ұйымдастыруға, бұқаралық спортты дамытумен қоса ауыл тұрғындарының спортқа деген қызығушылыған арттыруға серпін береді деген сенімдеміз. 

Спорт нұсқаушыларын орталықтандырылған спорттық базаны жетілдіру мақсатында сауалнамаға қатысуға шақырамыз.

Сауалнама