Делиде (Үндістан) шахматтан 20 жасқа дейінгілер арасында әлем чемпионаты өтті. Бұл додаға әлемнің түкпір-түкпірінен 123 шахматшы жиналды. Олардың ішінде 13 гроссмейстер мен 28 халықаралық шеберлер бақ сынады. Араларынан Қазыбек Нөгербек үздік шықты. Қазыбек 11 турдан кейін 8,5 ұпай жинап жеңімпаз атанды. Соңғы ойында чемпиондыққа үміткер болып келе жатқан Армения шахматшысын бетпе-бет кездесуде жеңді. Қазақтар спорттың тек жекпе-жек түрлерінен ғана емес, интелектуалды ойыннан да мықты екенін дәлелдеді. Нөгербек осыдан 2 жыл бұрын Грекияда өткен 18 жасқа дейінгі шахматшылар арасындағы әлем чемпионатында рапид пен блицте жеңімпаз атанған болатын.
Осыған дейін Қазақстан шахматшыларынан бұл жетістікке үшеуі ғана жеткен. Олар, Дәрмен Сәдуақасов (1998 ж) Динара Сәдуақасова (2016 ж) және Жансая Әбдімәлік (2017 ж).
Қазыбек Нөгербек
Дәрмен Сәдуақасов - шахматтан қазақтан шыққан тұңғыш әлем чемпионы (1998 жыл)