Құрметті қызмет алушылар, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 2021 жылы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын анықтау мақсатында «Ашық диалог» алаңында онлайн-сауалнама жүргізіп жатыр.
Онлайн сауалнаманы өту электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ), бір реттік құпия сөз немесе «QR код» тәсілі бойынша тіркелу арқылы жүзеге асырылады.
Сонымен қатар, қызмет алушыға онлайн-бағалау процедуралары ыңғайлы болу үшін оған 2021 жылы алған қызметтерінің тізімі көрсетіледі және әр қызмет бойынша жеке-жеке бағалау мүмкіндіктері қарастырылған.
Сауалнамаға белсенді түрде қатысуларыңызды сұраймыз.