Бүгін, 2021 жылғы 1 қыркүйек, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына кезекті Жолдауын арнады. Мемлекет басшысы Жолдауды өткен жылды қорытындылаумен бастап, келер жылға нақты жоспарлар қойды.
Халықтың әл-ауқатын алға тартқан Қазақстан Республикасының Президенті еліміздің одан әрі әлеуметтік-экономикалық дамуына қажетті әр салаға жеке-жеке тоқталды. Ел халқының жарқын болашағы үшін салауатты өмір салтының маңыздылығын да атап өтті. «Дене шынықтыру – денсаулық кепілі. Бұқаралық спортты дамыту үшін барлық жағдай жасалуы қажет» деген Қасым-Жомарт Тоқаев облыс әкімдеріне спорттық инфрақұрылымның құрылысын кезең-кезеңмен өткізуді тапсырды.