Ұлттық спорт түрлері курсының қорытындысы

Ұлттық спорт түрлерінен жаттықтырушы - оқытушыларға арналған республикалық біліктілікті арттыру курстары 2021 жылғы 21-28 маусым аралығында қашықтықтан өткізілді.

Курстарда еліміздің 5 аймағынан және Шымкент қаласынан 18 жаттықтырушы - оқытушы оқудан өтті.

Тыңдаушылардың басым бөлігі (ОР) БЖСМ (9) және басқа ұйымдардың (7), жаттықтырушылары.

Өңірлер бөлісінде курсқа қатысқандар саны бойынша Ақтөбе (10) , Қостанай (4) облыстары көш бастады.

Теориялық сабақтарды өткізгендер: Ж.М. Андасова – педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент; Г.Ж. Омарова – Қ. Мұңайтпасов ат. ОРРММИК заңгері; С.В. Лаверженцев – спорттық уқалаушы (массажист), тейпирлеу бойынша маман; Т.А. Ботагариев - Педогогика ғылымдарының докторы, профессор; С.М. Пазылханқызы - Спорт психологы.