Солтүстік Қазақстан облысындағы біліктілікті арттыру курсының екінші күні

Петропавл қаласында өткізілетін Солтүстік Қазақстан облысының спорт әдіскерлері мен жаттықтырушы-оқытушыларына арналған біліктілікті арттыру курсы жалғасуда.

«РОӘТО» РМҚК заңгері Бәкірова Айгүл Мұратқызы тыңдаушыларға спорт саласындағы заңнамалық мәселелерге арналған дәріс оқып, тыңдаушылармен сұрақ-жауап айдарын жүргізді.

Видео

Дәріскер Ж.Имаяқов "Қалыпқа келтіру (тамақтану, гидратация, ұйқы). Салмақ түсіру. Биологиялық белсенді қоспаларды қолдану" тақырыбында семинар өткізіп, тыңдаушыларға сертификаттарын марапаттады.