9-13 қыркүйек аралығында Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігіне қарасты «Дене шынықтыру және спорт бойынша республикалық оқу-әдістемелік және талдау орталығы» мен Қазақстан Күрес Федерациясының ұйымдастыруымен Астана қаласында күрес түрлері бойынша біліктілікті арттыру курсы өткізіледі.
Аталған курсқа Біріккен Күрес Әлемінің оқытушысы Мартин Хаук "Күрес түрлері бойынша жаттығу жасаудың заманауи әдістері" және "Бапкерлік философия мен дайындық негіздері" тақырыбында теориялық, практикалық сабақтар өткізеді.