Күрес түрлері бойынша Қазақстан Республикасының VI жазғы спартакиадасы

2023 жылғы 3-7 ақпанда Алматы қаласы Балуан Шолақ атындағы спорт-мәдени кешенінде күрес түрлері бойынша Қазақстан Республикасының VI жазғы спартакиадасы өтті. Республикалық маңызы бар Спартакиада дәстүрлі түрде төрт жылда бір рет өтеді және ел аймақтары үшін негізгі рейтингтік жарыс болып табылады. Жарыстың мақсаты спорттың беделiн насихаттау, ел өңірлерінде күрестің олимпиадалық түрлерін дамыту.

Кешенді республикалық іс-шараларға республикалық маңызы бар 3 қала мен 17 облыс қатысты.

Байқау бағдарламасы бойынша:

3-4 ақпан – грек-рим күресінен 248 қатысушы;

5 ақпан - әйелдер күресінен 110 қатысушы;

6-7 ақпан - еркін күрестен 272 қатысушылармен жарыс өтті.

Спартакиада нәтижесімен наурыз-сәуір айларында Үндістанда өтетін Азия чемпионатына, қыркүйек айында Сербияда өтетін әлем чемпионатына, қыркүйек айында Қытайда өтетін XIX жазғы Азия ойындарына және рейтингтік турнирлерге қатысу үшін грек-рим, еркін күрес және әйелдер күресі бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командаларын қалыптастырады.