Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігіне қарасты «Дене шынықтыру және спорт бойынша республикалық оқу-әдістемелік және талдау орталығының» ұйымдастыруымен Ақтау қаласында каратэ WKF спорт түрінен жаттықтырушы-оқытушыларға арналған біліктілікті арттыру курсы басталды. Курсқа 100-ге жуық маман қатысуда.
«РОӘТО» РМҚК директорының орынбасары Ж.Имаяқов тыңдаушыларға «Спортшы дайындаудың физиологиялық негіздері» тақырыбында дәріс өткізді.
Дәріс соңында қатысушылар командаларға бөлініп, тапсырмалар берілді.