Орталықтың қызметі бойынша 2020 жылдың қорытындылау есебі:
2020 жылы Орталықпен спорт саласы бойынша мамандарға арналған барлығы 15 біліктілікті арттыру курсы өткізілді:
Барлығы спорт саласындағы 1013 маманы қатысты.
Сонымен қатер, 2020 жылы 4 республикалық-кеңес өткізілді, оған спорт саласының 272 маманы қатысты:
1) «Спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернаттарын облыстық олимпиадалық резервтің мектеп-интернаттары-колледждері» етіп қайта құру»
7 ақпан Қарағанды қ. Ә. Молдағұлова атындағы ОРОММИК негізінде өткізілді. Семинар мақсаты – колледж жұмысына жауапты директорлар мен әдіскерлер арасында тәжірибе алмасу.
Семинар-кеңес Қарағанды облысының Дене шынықтыру және спорт басқармасының, сондай-ақ алдымен ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Дене шынықтыру және спорт істері комитетімен келісілген Ә. Молдағұлова атындағы ОР ОММИК бастамасымен өткізілді. Семинарға қатысу үшін республика бойынша 14 интернаттан колледж басшылары, директорлары мен әдіскерлері шақырылды. Барлығы 13 интернаттан 26-дан аса қатысушы болды.
2) «Даму жоспары және Даму жоспарының жаңа форматта орындалуы туралы есеп»
2020 жылғы 14 ақпанда Нұр-сұлтан қаласының "Сарыарқа" республикалық велотрегі ғимаратында өткізілді.
Семинар жұмысына лектор ретінде Қазақстан Республикасының аудиторы, кәсіби бухгалтер, 20-дан астам ғылыми жарияланымның авторы - Жұманқұлова Ләззат Оралтайқызы қатысты.
Семинарға барлығы Спорт және дене шынықтыру істері комитетіне ведомстволық бағынысты 9 ұйымнан 30 маман қатысты.
3) «Спорттық медицина және оңалту»
2020 ж. 27-28 шілде аралығында ҚР Спорттық медицина және оңалту орталығымен бірлесіп семинар-кеңес өткізілді ҚР аймағына карантин енгізілуіне байланысты іс-шара қашықтықтан «ZOOM» платформасының көмегімен өткізілді.
Спикерлер спорттық медицина және оңалту, оның ішінде «Спорттық кардиология бойынша халықаралық ұсынымдар», «Спорттық диетология», «Тыныс алу органдарының арнайы емес аурулары кезінде спортшыларды физикалық оңалту», «ЕДШ дәрігерлері мен нұсқаушыларына арналған ұсынымдар», «Спортшыларда COVID-19 коронавирустық жұқпаның клиникалық және зертханалық диагностикасы», «Спортшылардың бел ауруы», «Емдеу мен алдын-алудың заманауи тәсілдері», «Спорттық медицинаның таңдаулы мәселелері», «Триада әйел спортшылар», «Анаболикалық синдром» тақырыптарын ашты.
Семинарға республиканың 10 өңірі мен Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларынан спорт саласының барлығы 79 маман қатысты.
4) «Бейімделген дене шынықтыру»
2020 жылғы 27-30 қыркүйек аралығында Орталық қашықтық форматында спорт саласындағы мамандар үшін республикалық семинар-кеңес ұйымдастырды.
Осы тақырып бойынша семинар алғаш рет Ресей Федерациясы университеттері өкілдерінің қатысуымен өткізілді.
Семинар жұмысына лектор ретінде: Педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Санкт-Петербург қ. Лесгафт атындағы ҰМУ Бейімделген дене шынықтыру теориясы мен әдістемесі кафедрасының меңгерушісі, Ресей білім академиясының корреспондент-мүшесі, Ресей Паралимпиада комитетінің вице – президенті, Зияткерлік ауытқушылығы бар тұлғалардың Бүкілресейлік спорт федерациясының президенті – Евсеев Сергей Петрович; Педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, Санкт-Петербург қ. Лесгафт атындағы ҰМУ Бейімделген дене шынықтыру ғылыми-тәжірибелік орталығының меңгерушісі, Бейімделген спорт теориясы мен әдістемесі кафедрасының меңгерушісі – Аксенов Андрей Владимирович; Педагогика ғылымдарының кандидаты, Санкт-Петербург қ. Лесгафт атындағы ҰМУ БДШ теориясы мен әдістемесі кафедрасының доценті – Вишнякова Юлия Юрьевна; биол.ғыл.кандидаты, Омск қ. СДШМУ БДШТмӘ кафедрасының меңгерушісі – Таламова Ирина Геннадьевна; Өскемен қ., ҚР ҰПК Ат спорты бойынша ұлттық құрама командасының бас жаттықтырушысы – Черникова Елена Анатольевна қатысты.
Спикерлер бейімделген дене шынықтырудың негізгі бағыттарын ашып, оқу-жаттығу сабақтарын ұйымдастыру тәжірибесімен бөлісті және қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.
Жалпы алғандаеліміздің әр аймағынан 137-ден астам маман қатысты.
Әдістемелік құралдар бойынша ақпарат: