Гимнастика. Медальға жетеміз бе?

27 шілде.

Париж олимпиадасында спорттық гимнастикадан Қазақстанның намысын екі спортшы қорғайды. Олар: Милад Карими және Нариман Құрбанов.

Нариман Құрбанов 2023 және 2024 жылдары «ат» снаряды жаттығуы бойынша Азия чемпионы атанды. Милад 2023 жылғы әлем чемпионатында еркін жаттығудан қола медаль алып, тарихи жетістікке қол жеткізді. Сондай-ақ, биыл Азия чемпионы болды.

М. Карими Токио олимпиадасына қатысқан. Оның Токиодағы нәтижесі: көпсайыста — 15-орын, еркін жаттығу — 5-орын, шығыршық — 49-орын, турник — 8-орын.

Токиоға дейін спорттық гимнастикадан қазақстандық спортшылар 2 Олимпиадаға қатысқан. Сиднейде Сергей Федорченко қол тіреп секіру сайысында 5-орынға ие болды. Афина олимпиадасына Ернар Ерімбетов қатысты. Оның нәтижесі: көпсайыста — 14- орын, «ат» снаряды — 13-орын.

Спортшыларымыздың Олимпиададағы негізгі қарсыластары: Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, әлем чемпионы Артур Мариано (Бразилия), Олимпиада және әлем чемпионы Артём Долгопят (Израиль), Олимпиаданың қола жүлдегері, әлем чемпионы Артур Давтян (Армения), Олимпиада жеңімпазы, 3 дүркін әлем чемпионы Петруниас Элефтериос (Грекия), т.б.