Еркін күрес: үздік құрамалар және қазақ командасы

Еркін күрес: Үздік құрамалар және қазақ командасы Еркін күрестен Париж олимпиадасына Қазақстаннан 3 балуан қатысады. Олар: Азамат Дәулетбеков, 86 келі (әлем чемпионаты, 2 қола медаль - 2022, 2023. Азия чемпионаты, 3 алтын медаль - 2022, 2023, 2024). Әлішер Ерғали, 97 келі (Азия чемпионаты, 2 күміс - 2021, 2022. Азия чемпионаты, 2 қола - 2019, 2020). Юсуп Батырмызаев, 125 келі (Азия чемпионы - 2020, күміс - 2023). Олимпиадаға баратын әлемнің үздік құрамалары: АҚШ - 6 балуан. Спенсер Лии, 57келі (Панамерика чемпионы - 2024), Зейн Ретерфор, 65 келі (әлем чемпионы - 2023), Кайл Дейк ,74 келі (Олимпиаданың қола жүлдегері, 4 дүркін әлем чемпионы), Аарон Брукс, 86 келі (U23 әлем чемпионы - 2023), Кайл Снайдер, 97 келі (Олимпиада және әлем чемпионы), Масон Паррис 125 келі (әлем чемпионаты, қола - 2023). Иран - 5 балуан. Рахман Амоузад, 65 келі ( әлем чемпионы - 2022), Ионес Эмами, 74 келі (әлем чемпионаты, 2 қола - 2019, 2022), Хасан Яздани, 86 келі (Олимпиада чемпионы - 2016, Олимпиаданың күміс жүлдегері - 2020, 3 дүркін әлем чемпионы), Амир Али Азарпира, 97 келі (U23 әлем чемпионаты, 2 алтын - 2021, 2022), Амир Хоссейн Заре,125 келі (Олимпиада, қола -2020, 2 дүркін әлем чемпионы - 2021, 2023). Әзербайжан - 6 балуан. Алиаббас Рзазадзе ,57 келі (Еуропа чемпионы - 2023), Хажи Алиев, 65 келі ( Токио олимпиадасы, күміс, Рио - қола, 3 дүркін әлем чемпионы), Туран Байрамов ,74 келі (Еуропаның 3 мәрте чемпионы - 2021, 2022, 2023), Осман Нурмагомедов, 86 келі (әлем чемпионаты, 2023 күміс, 2021,2022 қола). Магомедхан Магомедов, 97 келі (әлем чемпионаты, 1күміс, 1 қола - 2022), Гиорги Мешвилдишвили, 125 келі (Еуропа чемпионаты, 2 қола - 2023-2024). Жапония - 4 балуан. Рей Хигучи, 57 келі (Рио олимпиадасы - күміс, әлем чемпионы - 2022, әлем чемпионаты, күміс - 2023), Котаро Киока, 65 келі. Дайчи Такатани, 74 келі (әлем чемпионаты, 1 қола - 2023), Хайато Ишигуро, 86 келі. Моңғолия - 3 балуан. Төмөр-очир Тулга, 65 келі (әлем чемпионаты, қола - 2021, Азия ойындары, алтын - 2023, Азия чемпионаты, 2 күміс - 2023-2024), Бямбасүрэн Бат-эрдэнэ, 86 келі. Лхагвагэрэл Мөнхтөр, 125 келі (әлем чемпионаты -1 күміс, 1 қола - 2022, 2021, Азия чемпионы - 2023, Азия ойындары, 1 күміс - 2023).

Азамат Дәулетбеков - әлем чемпионатының 2 дүркін қола жүлдегері. 3 дүркін Азия чемпионы

Әлішер Ерғали - Азия чемпионатының екі дүркін күміс, екі дүркін қола жүлдегері

Олимпиада чемпионы, олимпиаданың күміс жүлдегері, 3 дүркін әлем чемпионы - Хасан Яздани (Иран)

Олимпиада чемпионы, олимпиаданың күміс жүлдегері. 3 дүркін әлем чемпионы - Кайл Снайдер (АҚШ)