Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігіне қарасты «Дене шынықтыру және спорт бойынша республикалық оқу-әдістемелік және талдау орталығының» ұйымдастыруымен Қызылорда қаласында спорт саласындағы мамандарға арналған біліктілікті арттыру курсы басталды. Курсқа 200-ге жуық маман қатысуда.
Курсты «РОӘТО» РМҚК директоры Қыдырбек Рысбек Әділбекұлы мен бокстан олимпиада чемпионы Артаев Бахтияр сөз сөйлеп, ашқан болатын.