1 желтоқсанда Нұр-Сұлтан қаласындағы шаңғыроллер тас жолында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына, сондай-ақ ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған қысқы маусымның ашылуы өтті.
Іс-шараға Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, ҚР Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Самат Ерғалиев, Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Асхат Оралов қатысып, спортшыларға сәттілік тіледі.
Нұр-Сұлтан қаласында бастауын алған қысқы маусымның ашылуы еліміздің барлық өңірінде жалғасын тапты.
Біздің басты мақсатымыз - салауатты өмір салтын насихаттап, бұқаралық спортты дамыту✊?
Спортпен шұғылданыңыздар, достар!
@msm.govrk @committee_sport