Бокстан Париж олимпиадасына қатысатын талантты боксшыларымыздың бірі - Махмұд Сабырхан. М. Сабырхан жасынан әлемдік аламандарға қатысып, өзінің шеберлігімен көзге түсіп, талайды тәнті еткен. Ол 54 келіде 2023 жылы әлем чемпионы атанды. Оның еншісінде 2021 жылғы әлем чемпионатының және 2022 жылғы Азия чемпионатының күміс медалі бар. Кейіннен олимпиадалық салмаққа, яғни, 57келіге ауысып, Париж олимпиадасына лицензия иеленді. Махмұд жас болса да медальдан үмітті боксшы.
22 жастағы Махмұдтың статистикасына көз жүгіртсек, 2017 жылдан бері 75жекпе-жек өткізіп, 67 рет жеңіп, 8 рет жеңілген. Оның Олимпиада ойындарындағы басты қарсыластары: өзбекстандық АбдумаликХалаков (әлем чемпионы - 2023, әлем чемпионатының күміс жүлдегері - 2021), бельгиялық ВазилеУстурой (Еуропа чемпионы - 2022), испандық Хосе Гуйлес (Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері - 2022), АҚШ боксшысы Жамал Харвей (әлем чемпионы - 2021), филиппиндік Карло Палам (Олимпиаданың күміс жүлдегері), ирландиялық Жуд Галлахер (әлем чемпионатының қола жүлдегері - 2018). Махмұд аталған боксшылардан КарлоПаламмен ғана жұдырықтасып, жеңіліп қалды. Ал,басқа боксшылармен жекпе-жекке шыққан жоқ.
Бас бапкер Мырзағали Айтжанов оның азулы қарсыластарын терең зерттеп, Махмұдтың Париждегі қадамы сәтті болса деген тілектеміз.