Париж олимпиадасында еркін күрестен Әлішер Ерғалиға үміт артамыз. Ол 97 келіде бақ сынайды. Екінші Олимпиадасына қатыспақ. Токиода 7-орынға тұрақтаған. Ә. Ерғали Азия чемпионаттарында 2 күміс, 2 қола медаль олжалаған. Әлішердің Олимпиада, әлем чемпионатында бағы жанбай жүр. Парижде сәтін салып, жеңіс тұғырынан көрінуін тілейміз! Әлішердің салмағында сайдың тасындай іріктелген мықтылар жиналған. Париждегі басты қарсыластарына тоқталсақ, Олимпиада және әлем чемпионы Кайл Снайдер (АҚШ), осы салмақтың көшбасшылары екі дүркін Олимпиада чемпионы А.Садулаев пен К.Снайдерді жеңген әлем чемпионы Ахмад Тажудинов (Бахрейн), жастар арасындағы әлем чемпионы Амир Али Азарпира (Иран), екі дүркін Еуропа чемпионы, әлем чемпионатының қола жүлдегері Гиви Матрашвили (Грузия), Еуропа чемпионы, әлем чемпионатының күміс жүлдегері Магомедхан Магомедов (Әзербайжан), т.б. Әлішер М. Магомедов пен Г. Матрашвилимен бір-бір реттен күресіп, жеңілді. Қалған балуандармен әлі белдескен жоқ.