Париж олимпиадасында жүзуден ел намысын Әділбек Мусин қорғайды. Ә. Мусин Парижде 100 метр қашықтықта баттерфляй мен еркін жүзуден бақ сынайды. Әділбек жүзу спортынан Олимпиада ойындарына қатысатын тұңғыш қазақ баласы.
Ол 2018 жылы Жакартада өткен Азия ойындарында 50 метрде баттерфляй әдісімен жүзуден қола жүлдегер атанып, жүзуден Азия ойындарының медалін олжалаған тұңғыш қазақ спортшысы мәртебесіне ие болды. Әділбек Ханчжоу – 2023 жылы Азия ойындарында қос қола медальға ие болды (50 және 100 метр баттерфляй әдісі). 2023 жылы Қытайда өткен Универсиадада 100 метрге баттерфляй әдісімен жүзуде тағы бір қола медальді жеңіп алды.