Ел үміті — Батырхан Төлеуғали

Париж олимпиадасына қатысатын Қазақстан спортшылары арасындағы ең жасы - Батырхан Төлеуғали. 25 шілде күні 18-ге толады. Б.Төлеуғали таеквондодан 80 келіде сынға түседі. Батырханның таеквондодан Қазақстанның ересектер құрамасына енгеніне әлі бір жыл толған жоқ.

Спортшының жастығы, Олимпиада сынды дүбірі бөлек жарысқа алғаш қатысуы психологиялық тұрғыдан ауыр жүк болары анық. Алайда мұның өз артықшылығы бар. Ол туралы қарсыластары көп біле бермейді, әрі оны толық зерттеп үлгермеген болар. Себебі, Батырхан ірі халықаралық жарыстарға енді бара бастады.

Біздің бозбаланың бойы биік, аяқ-қолы ұзын. Бұл сипаттардың таеквондошы үшін пайдасы зор. Батырханның әлеуметтік желідегі парақшасында: «Тарихты өзгерту керек» деп жазылып тұр. Яғни, қазақ жігіттерінің соңғы жылдардағы сүреңсіз қимылдары бозбаланың намысын жанығаны анық.

Батырхан Парижде жасындай жарқылдап, Олимпиада тұғырынан көрінсе деген тілегіміз бар.