Ел үміті - Асланбек Шымбергенов

Париж олимпиадасының жүлдесінен үміттілердің бірі - Асланбек Шымбергенов. А. Шымбергенов құрамадағы тәжірибелі боксшы. 71 келіде 2023 жылғы әлем және 2022 жылғы Азия чемпионы. 2 Азия ойындарына қатысып, екеуінде де жүлде олжалаған (Жакарта-2018 - күміс, Ханчжоу-2022 - қола). Асланбекке Олимпиада медалі ғана жетпей тұр. Ол әлем рейтингінде 1-орында. 71 келіде Олимпиада медалінен үміттілердің қатарында. Орда бұзар 30 жасында Парижде атой салады деген сенімдеміз! Асланбек 2012 жылдан бастап осы уақытқа дейін әлем және Азия чемпионаттарында, халықаралық жарыстар мен ішкі чемпионаттарда барлығы 117 жекпе-жек өткізіп, 97 рет жеңіп, 20 рет жеңілді. Соңғы 5 жылда 6 рет сәтсіздікке ұшырады. Асланбектің Олимпиада ойындарындағы басты қарсыластары: әлем чемпионы Севон Оказава (Жапония), әлем чемпионы Асадхужа Муйдинхужаев (Өзбекстан), әлем чемпионатының күміс жүлдегері Омари Жонес (АҚШ), әлем чемпионатының қола жүлдегері Нишант Дев (Үндістан), Азия чемпионатының қола жүлдегері Зейад Ишайши (Иордания), Токио олимпиадасының қола жүлдегері Айдан Валш (Ирландия).