ДЗЮДОДАН ДОХА ҚАЛАСЫНДА (КАТАР) ӨТКЕН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН СПОРТШЫЛАРЫНЫҢ ӨТКІЗГЕН БЕЛДЕСУЛЕРІНІҢ ТАЛДАУЫ

Ерлер құрамасы.

Біздің спортшылар барлығы 24 кездесу өткізіп 13-де жеңілді (54%), оның 38,5% таза ұтылды (иппон). Техникалық арсеналына келсек 7 түрлі әдіс қолданып ұпай алған немесе таза жеңген, ал қарсыластар 8 түрлі әдіс қолданған. Сүйікті әдіс-тәсілге келетін болсақ, бірде-бір спортшының «коронный» әдісі жоқ сияқты, өйткені орташа есеппен әр спортшы 2-3 белдесу өткізген бірақ 1 әдіс 2-3 қайталанбаған.

Әйелдер құрамасы.

Қыздар болса барлығы 18 кездесу өткізіп 11-де жеңілді (61%), оның 54,5% таза ұтылды (иппон). Техникалық арсеналына келсек, әйелдердеде 7 түрлі әдіс қолданып ұпай алған немесе таза жеңген, ал қарсыластар 8 түрлі әдіс қолданған. Сүйікті әдіс-тәсілге келетін болсақ, Абиба Абужақыновада ғана «коронный» әдісі бар сияқты, өйткені 5 белдесудің екеуінде бір лақтыру әдісін екі рет жасағап сол белдесулерде жеңіп шыққан. Абибанаң бабы (функционалдық дайындығы) дұрыс болмаған сияқты, өйткені толық үш белдесудің соңғы 3-4 минуттарында әдіс жасамаған. Ал бес спортшы бірде-бір әдіс жасамаған немесе жасауға ұмтылған бірақ ештеңе шықпаған.