Астана қаласында джиу-джитсу спорт түрінен біліктілікті арттыру курсы өтуде. Аталған шараға 20-дан аса маман қатысуда.
Курс барысында заңгер А.Бәкірова “Спорт саласындағы заңнамалық мәселелер” бойынша дәріс оқыды.
Курстың екінші күнінде джиу-джитсудан Халықаралық дәрежедегі төреші Қ.Сатыбалдиев енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бойынша қатысушыларға лекция өткізді.